Жер астынан жік шықты, екі құлағы «жоқ»…

 

Нұрлан Ерімбетовтің қазақтілді ортаға, мейлі ол интернет болсын, басқа болсын жаққан күйесі, бұл – бірінші рет емес. Нұрекеңнің кезекті пікіріне орай Асхат ағай да өзінің көзқарасын білдіріп, бірқанша қазақ блогтарына
шолу жасаған болатын. Read more…

Өмірдің өзі – такси сияқты

Мейлі әлеуметтік көліктерге отырайын, мейлі жеңіл машинаға отырайын әрқашан терезе сыртындағы қым-қуыт әлемге көз тастап қиял кешкенді жаным кереметтей қалап тұрады.

Розбакиев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысындағы азық-түлік базарынан қайтып барамыз. Қолымызда көтерген заттарымыз бар. Әрине, таксиге отырамыз. Бірден келістік, екі адам, ауыр жүк, жатақхана есігіне дейін жеткізіп салған ақысына 500 теңге
алатын болды.

Алғашқыда жұпыны көрінген домалақ жүзді момын кісі біз орнығып отырып алғаннан кейін сөз бастады:

Read more…

Сәлем ӘЛЕМММ!

Сандырақтаған адамның блогына хош келдіңіз. Бұл жер менің жалған дүниеден теперіш көріп, сыбайлас жемқорлық жайынан қорланып, ит өмірден жалыққанда “айғайлап” алатын иен далам. Өзі жайлы, тек еркек екенімді ғана айтам. Қалғаны құпия. Давай, кеттік онда.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.